25 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрығы №292

215 рет
көрсетілді
25 мин
оқу үшін
2016 жылғы 28 маусым,  Астана қаласы Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу қағидаларын бекіту туралы 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлу, өзгерту және өтеу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шараларды орындау бойынша мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ.БОЗЫМБАЕВ Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 28 маусымда № 292 бұйрығымен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: 1) жаңа қондырғылар – Кодекстің 94-2-бабының 1-тармағына түсетін және Ұлттық жоспардың қолданылуы кезінде пайдаланылуға енгізілген қондырғылар; 2) қондырғы операторының шотын бұғаттау – Кодекстің (бұдан әрі – Кодекс) 94-2-бабының 3-тармағында көрсетілген талап етілген құжаттарды бергенге дейін қондырғы операторының шотына салынған көміртегі бірліктерін пайдалануды уақытша тоқтату; 3) парниктік газдар шығарындыларына квоталар – тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) қолданылу кезеңінде қондырғы операторы үшін белгіленген реттелетін парниктік газдар шығарындыларының сандық көлемі. 3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады. 2-тарау. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру тәртібі 4. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу үшін қондырғы операторы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы №147-ө бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7702 болып тіркелген) Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде шот ашады. 5. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміндегі қондырғы операторының (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) шотына Ұлттық жоспарда көрсетілген көлемдерге сәйкес, Кодекстің 94-2-бабының 2-тармағына сәйкес оның күшіне енген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде аударылады. 6. Қондырғы операторы Ұлттық жоспардың алғашқы қолданылу жылының бірінші сәуіріне дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) парниктік газдар шығарындыларының валидацияланған мониторинг жоспарын және қондырғының верификацияланған паспортын ұсынады. 7. Қондырғы операторы осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды бермеген жағдайда уәкілетті орган құжаттарды беру мерзімі аяқталған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның парниктік газдар шығарындыларын реттеу бойынша ведомстволық бағынысты ұйым болып табылатын Мемлекеттік тізілім операторына оларды бермегенге дейін оператордың шотын бұғаттау туралы хабарлама береді. 8. Парниктік газдар шығарындыларының мониторингі жоспары Кодекстің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес бекітілетін Парниктік газдар шығарындылары мониторингі жоспарының нысанына сәйкес әзірленеді және валидациялауға жатады. 9. Қондырғы паспорты Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 15 мамырдағы №122-ө бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8496 болып тіркелген) бекітілген Қондырғы паспортының нысанына сәйкес әзірленеді және верификациялауға жатады. 10. Уәкілетті орган қондырғы операторынан осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күнінен бастап күнтізбелік он бес күннің ішінде олардың толықтығы мен осы Қағидалармен орнатылған талаптарға сәйкестігін қарастырады. 11. Берілген құжаттардың толық еместігі және (немесе) сәйкес еместігі анықталған жағдайда, оларды пысықтауға жібереді және Мемлекеттік тізілім операторына пысықталған құжаттар берілмегенге дейін қондырғы операторының шотын бұғаттау туралы хабарлама береді. 12. Қондырғы операторы Ұлттық жоспардың қолданылуы кезеңінде оған енгізілген қондырғы бойынша осы Қағи­далардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды оны Ұлттық жоспарға енгізгеннен кейін үш айдың ішінде ұсынады. 13. Жаңа қондырғы бойынша квоталар беру жаңа қондырғы іске қосылған Ұлттық жоспардың есептік жылға арналған квоталар көлемінің резервінен жүзеге асырылады. Келесі есептік жылдан бастап жаңа қондырғы операторы Кодекстің 16-бабының 9) тармақшасына сәйкес бекітілетін Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің және Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталардың белгіленген мөлшердегі резерві мен көлемін қалыптастыру қағидаларына сәйкес Ұлттық жоспарға енгізілуге жатады. 14. Жаңа қондырғыға квоталар бірліктерін алу үшін қондырғы операторы уәкілетті органға тиісті қондырғыны іске қосқанға дейін бір айдан кешіктірмей мынадай құжаттарды: 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаңа қондырғы/әкімшілендіру субъектілерінің қондырғылары үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталар беруге өтініш; 2) парниктік газдар шығарындыларының валидацияланған мониторинг жоспарын; 3) қондырғының верификацияланған паспортын; 4) жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін; 5) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесін береді. *Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиал, өкілдік) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады. 15. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күнінен бастап күнтізбелік он бес күннің ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығы мен осы Қағидалармен орнатылған талаптарға сәйкестігін тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және сәйкес еместігі анықталған жағдайда, оларды пысықтауға жібереді. 16. Қондырғы операторы пысықталған құжаттарды ұсынғаннан кейін уәкілетті орган құжаттарды осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген мерзімде қарайды. 17. Жаңа қондырғылар бойынша Ұлттық жоспардағы квоталар көлемінің резервінен квоталар көлемін беру туралы оң қорытынды қабылданған жағдайда, уәкілетті орган Мемлекеттік тізілім операторына жаңа қондырғы операторын, бөлінген квоталар бірліктерінің көлемін көрсете отырып және қондырғы операторының Мемлекеттік тізілімінде шот ашу қажеттілігі туралы тиісті жазбаша хабарлама жібереді. Жаңа қондырғы бойынша квотаны Мемлекеттік тізілім операторы қондырғы операторының тиісті шотты ашқан күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде аударады. 18. Ұлттық жоспардың қолданылуы кезеңінде іске қосылуы Экологиялық Кодекстің 94-2-бабының 1-тармағының талаптарына түсетін әкімшілендіру субъектілерінің қондырғылары (бұдан әрі – әкімшілендірудің квоталанатын субъектілері) үшін квоталар беру Ұлттық жоспардағы квоталар көлемінің резервінен жүзеге асырылады. Келесі есептік жылдан бастап әкімшілендірудің квоталанатын субъектісі Кодекстің 16-бабының 9) тармақшасына сәйкес бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің және Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталардың белгіленген мөлшердегі резерві мен көлемін қалыптастыру қағидаларына сәйкес Ұлттық жоспарға енгізілуге жатады. 19. Квоталар бірліктерін алу үшін әкімшілендірудің квоталанатын субъектісі уәкілетті органға шығарындылары жылына көміртегі қостотығының жиырма мың тоннасына тең келетін мөлшерден асатын тиісті қондырғыға сәйкес парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы верификациялық есепті бергеннен кейін үш айдың ішінде мынадай құжаттарды: 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаңа қондырғы/әкімшілендіру субъектілерінің қондырғылары үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталар беруге өтініш; 2) парниктік газдар шығарындыларының валидацияланған мониторинг жоспарын; 3) қондырғының верификацияланған паспортын; 4) жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін; 5) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесін береді. *Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік (филиал, өкілдік) заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады. 20. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күнінен бастап күнтізбелік он бес күннің ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығы мен осы Қағидалармен орнатылған талаптарға сәйкестігін тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және сәйкес еместігі анықталған жағдайда, оларды пысықтауға жібереді. 21. Қондырғы операторы пысықталған құжаттарды ұсынғаннан кейін уәкілетті орган құжаттарды осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген мерзімде қарайды. 22. Әкімшілендірудің квоталанатын субъектісі бойынша Ұлттық жоспардағы квоталар көлемінің резервінен квоталар көлемін беру туралы оң қорытынды қабылданған жағдайда, уәкілетті орган Мемлекеттік тізілім операторына Әкімшілендірудің квоталанатын субъектісін, бөлінген квоталар бірліктерінің көлемін көрсете отырып және қондырғы операторының Мемлекеттік тізілімінде шот ашу қажеттілігі туралы тиісті жазбаша хабарлама жібереді. Әкімшілендірудің квоталанатын субъектісіне квотаны Мемлекеттік тізілім операторы қондырғы операторының тиісті шотты ашқан күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде аударады. 3-тарау. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту тәртібі 23. Квоталарды өзгерту парниктік газдар шығарындыларына қосымша квоталар көлемін беру арқылы жүзеге асырылады. 24. Қондырғы операторы Ұлттық жоспарды әзірлеу жылының және қолданылу кезеңінің басында қондырғының қуаты ұлғайған және (немесе) парниктік газдар шығарындыларының жаңа стационарлық көзі енгізілген жағдайда, Кодекстің 94-4-бабының 1-тармағына сәйкес парниктік газдар шығарындыларына қосымша квоталар көлемін алу үшін уәкілетті органға жүгінеді. 25. Осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген жағдайларда қондырғы операторы уәкілетті органға Ұлттық жоспардың соңғы қолданылу жылының 1 қазанына дейінгі мерзімде мынадай құжаттарды: 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша парниктік газдар шығарындыларына квоталар көлемін өзгертуге өтініш; 2) верификациялаған қондырғы паспортын; 3) валидациялаған мониторинг жоспарын; 4) көздің іске қосылуын растайтын құжат (жаңа стационарлық көзді енгізген жағдайда) береді. 26. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күнінен бастап күнтізбелік он бес күннің ішінде қондырғы операторы ұсынған құжаттарды қарайды. Қосымша квоталар беру туралы оң қорытынды қабылданған жағдайда, уәкілетті орган қондырғы операторына және Мемлекеттік тізілім операторына қондырғы операторын және қосымша квоталар көлемін көрсете отырып, тиісті жазбаша хабарлама жібереді. 27. Қосымша квоталар көлемін Мемлекеттік тізілімнің операторы қондырғы операторының шотына уәкілетті органнан жазбаша хабарлама алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде аударады. 28. Парниктік газдар шығарындыларына қатысты қайта қаралған квоталар көлемі туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады. 29. Берілген құжаттар толық болмаған және сәйкес келмеген жағдайларда, уәкілетті орган осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген құжаттарды пысықтауға жібереді. 30. Қондырғы операторы пысықталған құжаттарды ұсынғаннан кейін уәкілетті орган құжаттарды осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген мерзімде қарайды. 31. Қондырғы операторы, оның атауы немесе ұйымдастыру-құқықтық нысаны ауысқан жағдайда, уәкілетті орган өтініш берушінің өтініш берген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Мемлекеттік тізілімнің операторына мынадай расталатын құжаттар негізінде тиісті өзгерістер енгізілгені туралы хабарлама береді: 1) қондырғыны сатып алу-сату шарты немесе қабылдау-тапсыру актісі – қондырғы операторы ауысқан жағдайда (иеліктен айыру); 2) жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 3) заңды тұлғалар үшін - мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмесі*. *Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиал, өкілдік) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады. 32. Мемлекеттік тізілімнің операторы бес жұмыс күні ішінде тиісті өзгерістерді енгізеді. Парниктік газдар шығарындылары бойынша міндеттемелер Кодекстің 94-4-бабының 2-тармағына сәйкес жаңа қондырғы операторына беріледі. 33. Қондырғы операторы ауысқанда Ұлттық жоспармен белгіленген квоталар көлемі өзгерген жағдайда, қондырғы операторы осы Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген құжаттарды уәкілетті органға береді. 34. Қондырғы операторы таратылған жағдайда, уәкілетті органды жұмыс істеген мерзім ішінде парниктік газдарды түгендеу туралы есеппен қоса, өзінің қызметінің тоқтатылғаны туралы хабардар етеді. 35. Уәкілетті орган қондырғы операторынан хабарлама алған соң үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік тізілім операторына парниктік газдар шығарындыларына қолданылмаған квоталар көлемін жұмысы таратылған қондырғы операторының шотынан Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резерві шотына аударуды хабарлайды. 4-тарау. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өтеу тәртібі 36. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өтеу Мемлекеттік тізілімінде есептік жылдағы парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы верификациялық есепке (бұдан әрі - есеп) сәйкес Ұлттық жоспардағы көміртегі бірліктерін жыл сайынғы айналымнан алып тастау (есептен шығару) арқылы жүзеге асырылады. 37. Уәкілетті орган есеп тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Мемлекеттік тізілім операторына есептік жылдағы өтеу үшін квоталар көлемін көрсете отырып, қондырғы операторының шотынан квоталарды өтеу шотына квоталар бірліктерін беру қажеттілігі туралы хабарлама жолдайды. 38. Сатып алуға жоспарланған ретінде оларды өтеуге беру мақсатында ұсынылған есепте көрсетілген, Ұлттық жоспармен белгіленген көлемнен квоталардың жетпеген көлемін тікелей сату-сатып алу жолымен мәміле жасалған жағдайда, қондырғы операторы квоталар бірліктерін мынадай тәртіппен өтейді: 1) қондырғылар операторлары (сатушы және сатып алушы) уәкілетті органға мәміле жасасқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қондырғылар операторлары (сатушы және сатып алушы), сатылған/сатып алынған квоталар бірліктерінің көлемі, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы №151-ө бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тіркеу тізілімінде №7711 болып тіркелген) бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларына сәйкес (бұдан әрі - Сауда жасау қағидалары) бағасы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтерді ұсынады; 2) уәкілетті орган Сауда жасау қағидаларына сәйкес Мемлекеттік тізілімдегі қондырғылар операторлары шоттарының (сатушы және сатып алушы шоты) арасындағы тиісті квоталар бірліктерінің көлемін беру үшін квоталар көлемін көрсете отырып, беру қажеттілігі туралы Мемлекеттік тізілім операторын хабардар етеді; 3) қондырғы операторы (сатып алушы) оның шотына сатып алынған квоталар салынғаннан кейін уәкілетті органға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өтеуге өтініш береді; 4) уәкілетті орган қондырғы операторының шотынан квоталарды өтеу шотына Мемлекеттік тізілімдегі квоталар көлемін көрсете отырып, тиісті квоталар көлемін беру қажеттілігі туралы Мемлекеттік тізілім операторын хабардар етеді. 39. Сатып алуға жоспарланған ретінде оларды өтеуге беру мақсатында ұсынылған есепте көрсетілген, Ұлттық жоспармен белгіленген көлемнен квоталардың жетпеген көлемінің көміртегі бірліктерін сату-сатып алу бойынша тауар биржасында мәмілелер жасалған жағдайда, қондырғы операторы квоталар бірліктерін мынадай тәртіппен өтейді: 1) қондырғы операторы Мемлекеттік тізілім операторына көміртегі бірліктерін сату-сатып алу жүргізу қорытындылары бойынша биржалық мәмілені есепке алу парағын ұсынады; 2) қондырғы операторы (сатып алушы) оның шотына сатып алынған квоталар салынғаннан кейін Мемлекеттік тізілім операторына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өтеуге өтініш береді; 3) Мемлекеттік тізілім операторы қондырғы операторының шотынан квоталарды өтеу шотына тиісті квоталар бірліктерінің көлемін беруді жүргізеді. 40. Ішкі азайту бірліктерін алған жағдайда, қондырғы операторы Мемлекеттік тізілім операторына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өтеуге өтініш береді. Мемлекеттік тізілім операторы қондырғы операторының шотынан квоталарды өтеу шотына тиісті ішкі азайту бірліктерінің көлемін беруді жүргізеді. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу қағидаларына 1-қосымша Нысан Жаңа қондырғы бойынша парниктік газдар шығарындыларына квоталар беруге өтініш / әкімшілендіру субъектілерінің қондырғылары үшін 1. Қондырғы операторының /квоталанатын әкімшілендіру субъектісінің атауы 2.Жалпы мәліметтер: 2.1. Заңды мекенжайы 2.2. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) 2.3. Байланыс телефондары, факс, электронды пошта 3. Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша (код және атауы) парниктік газдар шығарындыларын квоталау жөніндегі талаптарға түсетін кіретін қондырғы жататын экономика секторы 4. Ұлттық жоспардағы квоталар көлемі қорынан парниктік газдар шығарындыларына сұратылатын квоталар көлемі Есептік жыл_____ - _________ тонна 5. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар белгіленетін жыл « » _________ бастап 20__ жылғы «31» желтоқсанға дейін 6. Өтінімге келесі құжаттардың түпнұсқалары қоса беріледі: 1) қондырғының верификацияланған паспорты 2) парниктік газдар шығарындыларының валидацияланған мониторинг жоспары 3) жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 4) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтамасы Басшы (Тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде), қызметі, қолы, мөр орны (болған кезде) Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу қағидаларына 2-қосымша Нысан Парниктік газдар шығарындыларына квоталар көлемін өзгертуге өтініш 1. Қондырғы операторының атауы 2.Жалпы мәліметтер: 2.1. Заңды мекенжайы 2.2. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) 2.3. Байланыс телефондары, факс, электронды пошта 3. Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша (код және атауы) парниктік газдар шығарын­дыларын квоталау талаптары бойынша талаптарға кіретін қондырғы жататын экономика секторы 4. Қолданыстағы Ұлттық жоспарға сәйкес белгіленген квоталар көлемі: 5. Квоталардың қосымша (өзгеретін) көлемі: 6. Квоталардың қосымша көлемі есебімен квоталардың жалпы көлемі 7. Квота көлемін өзгертуді сұрау себебі (қажеттісін белгілеу): 7.1.Қондырғы қуатының ұлғаюы 7.2. Квоталанатын қондырғымен технологиялық байланысқан пар­­никтік газдар шығарындыларының жаңа стационарлық көзін енгізу 8. Парниктік газдар шығарындыларына квота белгіленетін уақыт кезеңі « » _________ 20__ жылдан бастап « » __________ 20__ жыл бойынша 9. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: 1) қондырғының верификацияланған пас­порты 2) парниктік газдар шығарындыларының валидацияланған мониторинг жоспары 3) көздің іске қосылуын растайтын құжат (жаңа стационарлық көзді қосқан жағдайда) Атауы________________________________ ____________________________________ ____________________________________ Мекенжайы________________________________________ Телефон __________________________________________ электронды мекенжайы ______________________________ Орындаушының тегі және телефоны ____ Телефон __________________________________________ Басшы _______________________________ Бас бухгалтер __________________________ (Т.А.Ә., қолы) ______________________________________ (Т.А.Ә., қолы) ______________________________________ Басшы (Тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде), қызметі, қолы, мөр орны (болған кезде) Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу қағидаларына 3-қосымша Нысан Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өтеуге өтініш 1. Қондырғы операторының атауы 2.Жалпы мәліметтер: 2.1. Заңды мекенжайы 2.2. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) 2.3. Байланыс телефондары, факс, электронды пошта 3. Экономикалық қызмет түрлерін жалпы жіктеу бойынша (код және атауы), парниктік газдар шығарындыларын квоталау бойынша талаптарына кіретін қондырғыға жататын экономика секторы 4. Парниктік газдар шығарындыларына өтелетін квотаның жалпы көлемі _________ тонна 4.1. Өтеу үшін сатып алынған __________ тонна 4.2. Өтеу үшін берілетін квота бірліктері __________ тонна 4.3. Шығарындыларды ішкі азайту бірліктері __________ тонна 5. Есептік жыл 20__ жыл 6. Өтінішке келесі құжаттар қосылады: көміртегі бірліктерімен мәміленің жасалғанын растайтын құжаттар Басшы (Тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде), қызметі, қолы, мөр орны (болған кезде) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 28 шілдедегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №14012 болып енгізілді.